Топтау сан (группирующие)  

Топтау сан (группирующие)

6.Бөлшектік сан есім (дробное)

Сан есім құрамына қарай ( по составу) дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, екеу, мың т.б.

Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден кұралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, екі мың төртінші.

Тұлғасына қарай (по форме) негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есім тек түбірден ғана жасалады.(непризводные - образованы только из корня)

Мысалы: екі, төрт, алпыс, тоқсан, жүз т.б.

Туынды сан есім түбірге жұрнақ қосылу арқылы жасалады. (производные - образуются путем прибавления к корню суффикса).

Мысалы: бір-інші, алты-ншы, тоғыз-ыншы т.б.

Есептік сан есім дегеніміз заттың нақты санын білдіреді. (обозначает конкретное количество предмета) қашан? неше? (сколько?). Мысалы: бес, он, үш, бір мың қырық жеті.

Реттік сан есім дегеніміз заттың реттік қатарын білдіреді. (обозначает порядковый номер предмета) нешінші? қаншасыншы? (который?). Сан есімге – ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Араб цифрымен берілсе жұрнақтың орнына қойылады. Рим цифры болса – дефис қойылмайды. Күн, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды.(после арабских цифр ставится тире, после римских цифр дефис не ставится). Мысалы: бір- інші, аты-ншы, тоғыз-ыншы. 11-сынып, 2-пәтер, ХХ ғасыр, І том т.б.

2-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері: Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?Алдын ала сақтану керек. Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба? Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

3-тапсырма. Төмендегі сан есімдерге сөйлем құраңдар.

Он, тоғыз, жиырма, сексен бес, тоғыз, жеті, бір, алпыс жеті, отыз тоғыз, қырық, он тоғыз т.б.



4-тапсырма. Бос орындарды толтырыңыздар.

1.Бір жылда .... ай бар. 2.Бір жылда ...мезгіл бар. 3.Ақпан - қыстың .... айы. 4.Қорада жиырма .... қой бар. 5. ... тугел болса, төбедегі келеді, ... ала болса, ауыздағы кетеді.

Сабақ 37

Грамматикалық тақырыбы: Жинақтық сан есім. Болжалдық сан есім.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Жинақтық сан есім заттың жинақталғанын білдіреді. (обзорная собирательное количество предмета) нешеу? – сколько? Бірден жетіге дейін есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтары жалғану арқыры жасалады. (образуются при помощи данных суффиксов от порядковых числительны: 1-7). Мысалы: бір – біреу, екі – екеу, үш – үшеу... жеті - жетеу т.б.

Болжамдық сан есім заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. (обозначает предложительное количество предметам). Сұрақтары: қашан? неше? Қай шамамен? қаншадай? қаншадан? (сколько?).

1.-даған, -деген, -таған, -теген, -лаған, -леген, -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп,-дай, -дей, -тай, - тей жұрнақтары арқылы жасалады. (образуются при помощи данных суффиксов). Мысалы: мың-даған, екі-леп, жеті-дей.

2. көптік жалғау – септік жалғау арқылы.Мысалы: үш-тер-де, алты-лар-да т.б.

3.сан есім және -шамалы, – шақты, – жуық, - астам, – таман сөздердің тіркесуі арқылы. (числительные данные вспомогательные слова).Мысалы: он шақты, беске таман, бірге жақын т.б.

4.қосарлану арқылы жасалады.(образуются удвоением основ). Мысалы: бір-екі, үш-үштен, алты-жетідей.



1-тапсырма.Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.

18, 28, 47, 78, 1988, 1995, 200, 75, 847, 315.

2-тапсырма. Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып, сұрақ қойыңдар.

Бесінші қабат, жетінші сұрақ, тоғызыншы бет, екінші касса, он төртінші қатар, сегізінші қайық.

3-тапсырма. Мына сөздерді сұраулы сөйлемге ауыстырыңдар.

1.Ертең біз базарға көкөніс, жеміс-жидекке барамыз. 2.Жексенбі күні базарда адам көп болады. 3.Мен қымбат алма алмаймын. 4.Сатып алушылар сатушылармен саудаласып тұр. 5.Жеңіс қарбыздың бағасын сұрап тұр. 6.Бәріміз бірге базар аралап жүрміз. 7.Жеміс –жидектің бағасы қымбат.

Сабақ 38

Грамматикалық тақырыбы: Топтау сан есім.

Лексика: «Адамның келбеті».

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Топтау сан есім дегеніміз заттың санын топтап көрсетеді. (обозначает количество предметов, объединенных в равных частях) нешеде? қаншада? (по сколько?)

Мысалы: алтыдан, тоғыздан, он екіден т.б.

Адамның келбеті

Бізге қандай адам ерекше ұнайды? Әрине, өзінің ерлігімен, жүректілігімен, батырлығымен, өз борышына берілгендігімен көзге түсетін адамдарды ұнатамыз. Адамның мейірімділігі, кішіпейілділігі, адалдығы қызықтырады.

Адамдардың мінез – құлқы олардың жүріс – тұрысынан, өмірге көзқарасынан, қоршаған ортаға қатынасынан, қалайша жұмыс істеуінен немесе оқуынан, әр түрлі жағдайдағы әрекетінен көрінеді.

Ертеңгі күні еліміздің болашағын одан әрі жалғастыратын жастар, сондықтан осы күннен бастап елінің таңдаулы ұл-қыздарынан үлгі ала отырып, өз бойларыңда мінез – құлық сипаттарын қалыптастырып дамыту керек.

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Рет-ретімен қояйық. 2.Екеулеп отырыңдар. 3. Бір-бірлеп санаңдар. 4. Аз - аздан ішсін. 5. Бас-басына жете ме? 6.Үшеулеп жүріңдер. 7.Бір-бірден сал. 8.Топ-тобымен бөлінсін. 9. Көп-көптен алсын.

2-тапсырма. Бос орындарды толтырыңыздар.

1.Бір жылда он екі ... бар.

2.Бір жылда төрт... бар.

3 .... қыстың бірінші айы.

4.Жазда күн... болады.

5.Күзде.... көп жауады.

6.Жаңа жылда адамдар.... қарсы алады.

7. ... жапырықтар сарғайып, жерге түседі.

8.Көктемде.... ериды.

9.Балалар.... мезгілін өте қатты ұнатады.

10....талдар бүршік атады.

3-тапсырма. Сан есімдердің цифрмен жазылғанын сөзбен, сөзбен жазылғанын цифрмен жазыңыз.

35, 150, 565, 4798. 1970, он бесінші, алтыншы пәтер, он сегіз, қырық жеті жаста, бір мың сегіз жүз жетпісінші жыл, 5686, 960, 39, төрт-бестер шамасында, XX том, ХІV тарау, екінші қатар, алпыс бесінші мектеп.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

1. Ағайыннан – алтау, ана – біреу.

2. Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп

3. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

4. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

Жетеумін деме, сегізге жолығасың.

5. Шындық – сегіз, бақыт егіз.

6. Ер – егіз, еңбек – жалғыз.

7. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Сабақ 39

Грамматикалық тақырыбы: Бөлшектік сан есім. (тест)

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Бөлшектік сан есім дегеніміз заттың бөлшектік санын білдіреді. (обозначает части дробных чисел) қанша? неше? (сколько?). Мысалы: екіден бір, үш бүтін жүзден он төрт.

1-тапсырма. Берілген цифрларды сөзбен жазыңыз.

1991, 1917, 150, 49, 1845, 900, 12895, 47, 85, 77, 63, 54, 33, 19, 1864, 86, 92;

2-тапсырма. Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Екі бүтін оннан төрт, оннан бес, төрт бүтін оннан екі, он бес бүтін жүзден жиырма бес, үш бүтін оннан бес, алты бүтін оннан жеті, жиырма бүтін оннан төрт.

3-тапсырма. Берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

3,5 , 10,5 , 15,25 , 100,7 , 20,16, 1,5, 2,10, 22,2.

Сабақ 40

Грамматикалық тақырыбы: Үстеу. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің түрлері. Үстеудің жасалу жолдары. Мекен үстеуі.

Лексика: Ұлттық теңге.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Ұлттық теңге

Қазақстан Республикасы 1991 жылы Егемендік алған кезде, еліміздің алғашқы елтаңбасына, әнұранына, сонымен қатар ұлттық теңгеге де қол жеткіздік. Қазақстан ұлттық валютасы-ұлттық теңге болып есептелінеді.

Теңге жалпыға бірдей, эквивалентті ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын

2) Онда абстракта еңбек бейнелейтін құнның да болатындығы

3) Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатынын көрсетеді.

Теңге тауарлық шаруашылықта адамдардың, қоғамдық қатынасын белгілейді. Яғни теңге зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Теңгенің ең бірінші және басты қызметі-құн өлшеуіші.


3955754051115500.html
3955802257797732.html
    PR.RU™